10 қар, 2025 сағат 18:14

Қазақстандық олигарх Cергей Кан "Қызылжар" футбол клубын сатып алды

Фото: Offside.kz

Петропавл қаласында «Қызылжар» футбол клубының жеке қаржыландыру жүйесіне көшуіне байланысты маңызды келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Ult.kz.

«Қызылжар» ФК-ның инвесторы бизнесмен Сергей Кан болды.

"Жекеменшік басқару жаңа мүмкіндіктер ашады, инвестиция тартуға және өңірлік футбол инфрақұрылымын дамытуға жол береді", – дейді Сергей Кан 


Оның айтуынша, бұл келісім бүкіл өңірдегі футболдың дамуына мүмкіндік береді.