Фото:elements.envato.com
Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан Республикасының азаматы Е.Қ. Медетбековке және кәсіпкер А.Б. Жексенғалиевке іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар алдын ала сөз байласу арқылы топпен жасаған аса ірі сома 1,1 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Таңдалған бұлтартпау шарасы - қамауға алу.