30 қар, 2020 сағат 06:40

Қазақстандық футболшы Еуропалық клубтың үздік ойыншысы атанды

«Лори» армян футбол клубында ойнайтын қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский өз командасының үздік ойыншысы атанды. Мәселен, мұндай қорытынды Армения чемпионаты аясындағы «Лори» - «Арарат-Армения» (0:1) матчынан кейін шығарылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"  KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

Рудосельский алаңда 81 минут болған. Осы уақыт ішінде қорғаныста жеңіске жеткен «жекпе-жектердің» (80%), дәл пастардың (88%) ең жақсы пайызын көрсете алды, сонымен қатар допты 7 рет қағып әкеткен. Қазақстандықтың индексі 244-ті құрады, бұл «Лори» ойыншылары арасындағы ең үздік нәтиже болды. 

Instat Index нұсқасы бойынша, «Арарат-Арменияға» қарсы матчтан кейінгі «Лоридің» үздік бес ойыншысы: 

1. Тимур Рудосельский – 244; 

2. Джими Алексис – 240; 

3. Нана Антши – 233;

4. Арам Кочарян – 229; 

5. Павел Осипов – 208. 

Қазіргі уақытта «Лори» Армения чемпионатында 13 ұпаймен бесінші орында тұр.