11 там, 2024 сағат 12:56

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова көлік тарту етілді

Халықаралық аренадағы жетістіктерімен танылған қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақыноваға көлік тарту етілді. 

Еңбегі мен жетістіктері үшін спортшыға Kia автокөлігі сыйға берілді. Дзюдошыға көлікті депутат Айдарбек Қожаназаров тарту етті. 

Парижде өткен Олимпиадада Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күресті. Тартысты өткен кездесуде ол Швеция өкілі Тара Бабулфатпен кездесті. Қазақ дзюдошысы табанды күреске қарамастан қарсыласынан жеңіліп, медальсыз қалды.

Айта кетейік, Әбужақынова 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, елге әлем чемпионатының жүлдесін әкелген тұңғыш қазақ дзюдошысы атанды.