Парламент депутаттары Қазақстанда бірыңғай президенттік мерзім туралы норманы енгізуге дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Депутаттар бірінші оқылымда мақұлдаған "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қайта сайлану құқығынсыз жеті жылдық президенттік мерзім туралы норма енгізілді.
Бұған дейін "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы президентті жеті жылдық мерзімге сайлау бастамасын қолдап, елорданың бұрынғы атауын қайтаруды ұсынған болатын.
1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында маңызды саяси бастамалар қатарында Президент мандатын қайта сайлану құқығынсыз жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынған болатын.