Қазақстандық Сұлтан Заурбек (13-0, 9 КО) Лондонда өткен екінші жартылай жеңіл салмақтағы рейтингтік жекпе-жекті нокаутпен аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
25 жастағы боксшы бесінші раундта 24 жастағы Николас Бонеллиді нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, үшінші раундта Заурбектің өзі нокдаунға түскен еді, алайда кездесу барысында басымдығын көрсете алды.
Бастапқыда қазақстандықтың қарсыласы мальталық Хайтем Лаамуз болып, Заурбек екінші рет WBO European титулын қорғауы керек еді, бірақ жекпе-жектен бір күн бұрын өзгерістер енгізілді.
1203 рет оқылды