23 шіл, 2020 сағат 14:23

Қазақстандық әнші «Узбекистон» əнін өзбек тілінде орындады

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Дорогой народ Казахстана. Мы все переживаем очень сложное время для всех нас. Как всем известно 2018 год был объявлен годом Узбекистана в Казахстане. 2019 - год был объявлен годом Казахстана в Узбекистане. К сожалению 2020 год начался с достаточно сложных испытании для планеты. Я как простой гражданин своей страны и как представитель культуры Узбекистана решил Вас морально поддержать. Спеть очень красивую песню на Казахском языке.

Өзбек әншісі қазақ халқын қолдап, «Атамекен» әнін орындаған еді. Соған алғыс ретінде қазақстандық әнші Əлішер Каримов Өзбекстанның халық əртісі Юлдуз Усманованың «Узбекистон» əнін өзбек тілінде орындады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

«Қазақстаннан ыстық ықыласпен» Қазіргі қиын кезеңде қазақ халқы ынтымақтастықты нығайтып, əлем халықтарымен мәдени байланыстарды арттыра түсуге бар күшін салады. Бүгінде əлеуметтік желілерде өзбек əншісі Джон Румидің композитор Жанбота Тұяқбаев пен ақын Шөмішбай Сариевтің атақты «Атамекен» әнін орындаған бейнебаяны кеңінен таралып жатыр. Ал кезінде Роза Рымбаеваның орындауында бұл туынды əр қазақтың жүрегінен ойып тұрып орын алғаны белгілі. Осылайша Джон Румидің қазақ халқына арнаған музыкалық тартуы ежелден бауырлас қос мемлекет азаматтары тарапынан жылы лебізге ие болып жатыр. Танымал əншінің ерекше сыйлығын еліміз зор ықыласпен қабыл алды. Осы сыйлыққа жауап ретінде біз дарынды әнші Əлішер Каримовтың Өзбекстанның халық əртісі Юлдуз Усманованың «Узбекистон» əнін өзбек тілінде орындаған бейнебаянын жолдаймыз. Музыкалық өнер арқылы бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірлік таныту қазіргі сындарлы кезеңде өте өзекті. Біз Қазақ елі әрдайым халықаралық мәдени ынтымақтастықты арттыруды мақсат тұтып, бауырлас халықтардың қолдауы арқылы барлық қиындықтарды жеңіп шығатынымызға сенеміз», - делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, танымал өзбек әншісі Джон Руми Инстаграм парақшасында COVID-19 індетіне қарсы күресте қазақ халқына қолдау білдіріп, «Атамекен» әнін орындаған еді.