ҚР Парламентінің Сенаты Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне Эльвира Әзімованы сайлауға келісім берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Эльвира Әзімованы бұл қызметке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын. Ұсынысты Сенат отырысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев оқып берді.