13 сәу, 2022 сағат 13:35

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды


Қазақстан Жеңіс күні әскери шеру өткізуді жоспарлап отырған жоқ, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ", - дейді Қорғаныс министрлігінен. 

Дегенмен әртүрлі әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары болады.

Жалпы, министрлік еліміздің барлық аймағында 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.