«Аңсаған» кен орнында жеңіл мұнай мен газ қоры табылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі хабарлады.
«Аңсаған» кен орны Атырау облысындағы Жылыой аумағында орналасқан, табылған мұнайлы-газды жазықтар Теңіз кен орнынан әлдеқайда тереңірек шоғырланған. Кен орнының ықтимал қоры жоғары бағаланып отыр және жоспарланатын геологиялық барлау жұмыстарының үлкен көлемі көмірсутектерінің болжанып отырған ресурсын растауға бағытталады.
Аңсағандағы жеңіл мұнайдың жоғары дебитіне қол жеткізу аталған аумақтағы айтарлықтай тереңде орналасқан тұзды шоғырлардың ресурстық әлеуетін растайды. Болашақта Аңсаған кен орнында бағалау жұмыстарын жүргізу, Мақсат, Прорва Глубокая және т.б. әлуеті жоғары алаңдарда iздеу-барлау бұрғылауын орната отырып, егжей-тегжейлі сейсмикалық барлау зерттеулерімен расталған барлық келісімшарттық аумақтарда геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту жоспарланып отыр.
2014 жылдың 24 ақпанында Атырау және Маңғыстау облыстарындағы кен орындарында тұзүсті құрылымдарын және учаскедегі кен орындарын қоспағанда, тұзасты шоғырларында көмірсутек шикізатын барлау жұмыстарын жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығына «Алмэкс Плюс» ЖШС-мен келісімшартқа қол қойылды.
«Аңсаған» кен орны Атырау облысының Жылой ауданында орналасқан. Анықталған мұнайгаз қабаты Теңіз кен орнынан да өте тереңде орналасқан.