22 қаз, 2019 сағат 16:29

Қазақстанда жеке сот орындаушыларының рейтингі жасалады

ҚР Әділет миинстрлігі Қазақстанның жеке сот орындаушыларының рейтінгін іске қосты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл рейтинг өндіріп алушыларға ең тәжірибелі және білікті жеке сот орындаушысын таңдауға мүмкіндік береді. Ол үшін министрліктің ресми сайтындағы арнайы бөлімге өту қажет.

«Рейтингте қабылданып жатқан шаралардың толықтығы мен уақытында орындалуы, жұмыс тәжірибесі, мадақтаулары мен жазаларының саны, сертификатталған көмекшілердің саны және т.б. бағалау критерийлері көрсетілген. Өндіріп алушы лайықты жеке сот орындаушысын таңдап алған соң, оған өтінім жазып, мәжбүрлеп орындату үшін қылмыстық іс жүргізу құжатты көрсетуі қажет», - делінген ресми хабарламада.

Атқару құжаты борышкер жеке тұлғаның тіркелген жері немесе оның тұрақты мекенжайы бойынша немесе жұмыс орны бойынша, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген жері немесе орналасқан жері бойынша ұсынылады.