"Астана" халықаралық қаржы қорының басшысы Қайрат Келімбетов Қазақстанда жаңа биржа пайда болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
"2017 жылдың 1 қыркүйегінен жаңа жоғары технологиялық биржа ашылады. Осы биржада "Самрұқ-Қазына" компаниясын жекешелендіру жүретін болады. Ал "Самрұқ-Қазына" компаниясы - еліміздегі ЖІӨ-нің 40 пайызын құрайды. Келесі жылы бүкіл посткеңестік аумақта сот жүйесінің орталығына айналатын жаңа тәуелсіз қаржылық сот, жаңа арбитражды орталық құрылуы тиіс", - деді Келімбетов ASTEX Astana Smart City халықаралық форум-көрме барысында.
Сонымен бірге, ол 2017 жылдың 1 маусымынан бастап, компанияларды тіркеу басталатынын айтты.
"2017 жылдың 1 шілдесінен Халықаралық қаржы орталығының қатысушысы болатын компанияларды тіркеуді бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Олар тегін жеңілдіктер алады, ол жеңілдетілген, визалық және еңбектік режим, 50 жылға салықтан босату, егер олар профилді қызмет түрлерімен айналысса", - деп атап өтті қор жетекшісі.
Еске салайық, 2015 жылдың 2 қарашасында Қайрат Келімбетов Ұлттық банк төрағасы қызметінен кеткен болатын. 2015 жылдың желтоқсан айында ол "Астана" халықаралық қаржы қорының басшысы болып тағайындалды.