15 сәу, 2021 сағат 07:24

Қазақстанда тағы бір өңір "қызыл" аймаққа өтті

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа Шымкент қаласы өтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ВАК-қа сілтеме жасап.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары тұр.

Қостанай және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.