22 қар, 2021 сағат 13:52

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды


Ақмола облысында қаржы пирамидасының белгілері бар River Coins Limited компаниясы анықталды.

"Қаржы мониторингі агенттігі Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері River Coins Limited компаниясына қатысты 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың мамырына дейін ақшаны заңсыз тарту дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеруді бастады", - делінген қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Тергеу компанияда спираль қағидаты бойынша төлемдер жүйесі бар екенін анықтады.


Бірінші деңгейдегі салымшылар жаңа салымшылардан түсетін жарналарды қайта бөлу есебінен сыйақы алып отырған.

River Coins Limited компаниясы Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелмеген, банк операцияларын жасауға – қаражат тартуға және сыйақы төлеуге лицензиялары мен рұқсаты жоқ.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.