08 нау, 2021 сағат 07:26

Қазақстанда тағы 653 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда тағы 653 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тест нәтижесінде анықталған, ал 480 науқас сауыққан. Бұған қоса, коронавирус пневмониясы (КВИ-) диагнозы қойылған 17 адам тіркелген. 6 наурыздағы мәлімет бойынша, коронавирус жұқтырған 7 адам, коронавирус пневмониясына шалдыққан 4 адам қайтыс болған. Бұл туралы бүгін, 8 наурызда Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ірі қалалар мен аймақтарда коронавирус жұққаны тест нәтижесінде расталғандар көрсеткіші мынадай: Алматы – 141, Нұр-Сұлтан – 42, Шымкент – 8, Ақмола облысы – 68, Ақтөбе облысы – 13, Алматы облысы – 68, Атырау облысы – 43, Шығыс Қазақстан облысы – 21, Жамбыл облысы – 15, Батыс Қазақстан облысы – 34, Қарағанды облысы – 38, Қостанай облысы – 50, Қызылорда облысы – 6, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 65, Солтүстік Қазақстан облысы – 36, Түркістан облысы – 3.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 2020 наурыздан бері коронавирус жұқтырған 218 754 адам тіркелген, 202 230 науқас сауығып, барлығы 2812 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі коронавирус жұққаны ПТР тест нәтижесінде емес, клиникалық белгілері бойынша анықталған науқастар есебін (коронавирус пневмониясы) 2020 жылдың 1 тамызынан бері жүргізіп келеді. Оған дейін коронавирус пневмониясына қанша адамның шалдыққаны белгісіз. 1 тамыздан бері елде 49 573 адам коронавирус пневмониясына шалдығып, 644 адам пневмонияның сол түрінен қайтыс болған. 43803 сырқат дертінен жазылған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 116,8 млн адамнан асты. Шамамен 65,8 млн адам айыққан, 2,59 млн адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі мәлімет бойынша 18 838 адам короновирус инфекциясынан (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 556 пациент - стационарда, 14 282 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 238 адамның жағдайы ауыр;
• 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.