Сейсенбі күні 2 696 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Барлығының коронавирус тесті оң шыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомство коронавирус пневмониясы мен адам өліміне қатысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялап жүр. 19 сәуірде 135 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 26 адам қайтыс болған: 23 адамның өліміне – коронавирус, 3 адам өліміне коронавирус пневмониясы себеп болды деп айтылады.
Өткен тәулікте Алматыда 667 науқас тіркелген. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Нұр-Сұлтанда – 471, Алматы облысында – 281, Батыс Қазақстан облысында – 231, Қарағанды облысында – 218, Ақтөбе облысында – 125, Атырау облысында 114 адамнан коронавирус инфекциясы табылған.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында - 80, Ақмола облысында - 92, Шығыс Қазақстан облысында - 83, Жамбыл облысында - 58, Қостанай облысында - 32, Қызылорда облысында - 47, Маңғыстау облысында - 65, Павлодар облысында - 47, Солтүстік Қазақстан облысында - 29, Түркістан облысында 56 адамнан коронавирус анықталды.
21 сәуірдегі мәлімет бойынша, 39 318 адам коронавирус инфекциясынан (38 889 КВИ+ және 429 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 13 756 пациент стационарда, 25 572 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 671 адамның жағдайы ауыр;
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері 294 946 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3 459 адам қайтыс болған. Коронавирус инфекциясы анықталған, бірақ өліміне "басқа ауру себеп болды" делінген мыңға жуық адам өлімі бұл статистикаға енбеген.
Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздан бастап Covid жұқтырғаны ПТР әдісімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. 1 тамыз бен 19 сәуір аралығында 52 025 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 757-і қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 766 614 адам (халықтың 4 пайыздан астамы) коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған.
Сонымен қатар, кейінгі тәулікте 2418 адам коронавирустан айығып шықты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 455, Алматы қаласы - 680, Шымкент қаласы - 26, Ақмола облысы - 93, Ақтөбе облысы - 142, Алматы облысы - 223, Атырау облысы - 102, Шығыс Қазақстан облысы - 63, Батыс Қазақстан облысы - 150, Қарағанды облысы - 153, Қостанай облысы - 132, Қызылорда облысы - 44, Маңғыстау облысы - 52, Павлодар облысы - 55, Солтүстік Қазақстан облысы - 32, Түркістан облысы - 16.
Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны - 252 598.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 142 млн адамнан асты. 3 миллионнан астамы қайтыс болған.