Қазақстанда 10 жылға сотталған Қырғызстан парламентінің экс-депутаты Дамирбек Асылбекуулы Қырғызстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Жазаларды орындау мемлекеттік қызметі хабарлады.
Асылбекуулы Қырғызстанға 18 қарашада жеткізілген және қазір тергеу изоляторында отыр.
"Қазақстан сотының шешімін Қырғызстан Қылмыстық кодексімен сәйкестендіру үшін іс материалдары Жоғарғы сотқа жолданды. Сот шешіміне сай жаза мерзімі белгіленеді" деп хабарлады Қырғызстанның Жазаларды орындау мемлекеттік қызметі.
Қырғызстандық ақпарат агенттіктері Дамирбек Асылбекуулымен бірге тағы Қырғызстанның тағы екі азаматы экстрадицияланғанын жазды. Жазаларды орындау мемлекеттік қызметі растамады.
Дамирбек Асылбекуулу 2018 жылы 15-16 ақпанда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында өткен арнайы операция кезінде қамауға алынған. Оған "Шекарадан контрабанда тауарын өткізбек болды" және "трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты" деген айып тағылған. Бұл іс бойынша барлығы 12 адам сотталған.