09 қаң, 2020 сағат 15:12

Қазақстанда шетелдіктерді тіркеу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Қазақстан Республикасында шетелдіктерді тіркеу тәртібіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2020 жылғы 11 қаңтардан бастап шетелдік азаматтар ішкі істер органдарында 30 күнге дейін тіркеуден босатылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі мемлекеттік шекарадан өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспауы керек. Шетел азаматы Қазақстанда 30 күннен артық тұрса, қабылдаушы тарап қонаққа уақытша тұруға рұқсат ресімдеуге міндетті.

Қабылдаушы тарап 3 жұмыс күні ішінде шетелдіктердің келгені туралы көші-қон қызметіне хабарлауға (хабарлама) міндетті.

Хабарлама рәсімі www.vmp.gov.kz. виза және миграциялық порталы арқылы өткізуге болады.

Хабарлама болмаған жағдайда, қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады (ішкі істер органдарына шетелдіктер туралы уақтылы хабарлау бойынша шаралар қабылдамау).

Айта кеткен жөн, бұдан бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамытуға байланысты өткен кеңесте шетелдіктерді міндетті тіркеу сияқты анахронизмнен құтылу керектігін баса айтқан еді.