10 қыр, 2024 сағат 17:08

Қазақстанда шетелдік активтерді қайтарудың жаңа механизмі қолданыла бастады

Фото: pixabay.com

Заңның негізгі қағидаттарының бірі – ол ерікті қайтаруды ынталандыру. Ерікті қайтарудың артықшылығы – субъект мүлкінің бір бөлігін өзінде сақтап қала алады. Сонымен қатар, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға тікелей әсер ететін елге қажетті жобаларды іске асыра алады.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

"Ең бастысы, қаражаттың Қазақстанда жұмыс істеуі, салықтың осында төленуі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы. Сондай-ақ ерікті түрде қайтару кезінде субъект бірқатар заңда көрсетілген құқықтық мүмкіндіктер мен кепілдіктер алады. Оның ішінде жауаптылықтан да босатылуы мүмкін", - деді ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


Комитет жұмыс істеп жатқан адамдардың көпшілігі ынтымақтастық пен ерікті түрде қайтару рәсімдеріне өздері бастама жасауда.

"Нәтижесінде бүгінде ел премьер-министрі жетекшілік ететін арнаулы комиссия жалпы сомасы 450 млрд теңгеге жуық 40 астам келісім жасауды мақұлдады. Олар заң субъектілері мен арнаулы мемлекеттік қорға 300 млрд теңгеден астам ақша аударуды көздейді. Оның 170 млрд теңгеге жуығы бүгінгі күні қор шотына түсті.
Жасалған келісімдер бойынша 100 млрд теңгеден астам сомаға активтер, мемлекетке заттай түседі. 82 млрд теңгенің мүлігі қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияға берілді. Оның ішінде, кәсіпорындардың акциялары мен үлестері, коммерциялық және тұрғын жайлар, еліміздегі және шетелдегі таңдалы жылжымайтын мүлік, сондай-ақ жер учаскелері, зергерлік бұйымдар, сәнді заттар және басқа да құнды мүлік бар", - деді спикер.