18 сәу, 2022 сағат 14:18

Қазақстанда ресми түрде тағы төрт партия құрылуы мүмкін


© Sputnik / Абзал Калиев

Әділет министрі Қанат Мусин тіркеуге 4 партия құжат тапсырғанын айтты, деп хабарлайдыSputnik Қазақстан.
"Жаңылмасам, олар - "Ел Тірегі", "Халық дербестігі", "Намыс" және "Бәйтерек". Мәселен, "Халық дербестігі" партиясы екінші кезеңге өтті. Олар съезін де ұйымдастырды. Заң бойынша құрылтай съезін өткізгеннен кейін 20 мың мүшенің тізімін беруі керек. Бүгінде оларды тіркеу мерзімі тоқтатылды, партия мүшелерін тексеру жүріп жатыр", - деді Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 
Ал қалған үш партия бірінші кезеңнен аса алмай отыр. Олар алғашқы тексерістен өте алмады. Себебі партияға кірген кейбір адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірлері қате болып шықты. Нөмірлердің мүлдем сәйкес келмеу жағдайлары да бар.
"Өкінішке қарай, қайтыс болған адамдар да анықталды. Басқа партияның мүшелері бар. Ал заң бойынша Қазақстан азаматы бір ғана саяси партия мүшесі бола алады. Демек, басқа партияны құру шараларына қатысуға құқы жоқ. Бастамашы топ ондай кемшіліктерді жойғаннан кейін тағы құжат тапсырып, келесі кезеңге өте алады", - деп атап көрсетті Мусин.