18 қыр, 2024 сағат 11:40

Қазақстанда референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды

Фото: pixabay.com

Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, атом электрстанциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.

Нәтижесінде 4 құқықбұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады.

Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi "Республикалық референдум туралы" және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн ескертті.