08 қаң, 2025 сағат 11:51

Қазақстанда отызға жуық “қылмыс әлемінің беделдісі” ұсталды

видео кадры

ІІМ қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес жүргізу бағытында жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Ult.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу деректері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелді, соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты. Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылған.

“Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни “қылмыс әлемінің беделділері” ұсталды. Жақын шет елдерден келген алты “заңдағы ұрының” Қазақстан аумағында болуының алдын алынды”, - делінген хабарламада.

Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылған.

Бопсалау деректері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды.

“Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданатын болады”, – деді ведомство өкілдері.