Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 832 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 136, Алматы қаласы - 135, Шымкент қаласы - 13, Ақмола облысы - 59, Ақтөбе облысы - 35, Алматы облысы - 51, Атырау облысы - 44, Шығыс Қазақстан облысы - 50, Жамбыл облысы - 19, Батыс Қазақстан облысы - 69, Қарағанды облысы - 40, Қостанай облысы - 57, Қызылорда облысы - 5, Маңғыстау облысы - 7, Павлодар облысы - 75, Солтүстік Қазақстан облысы - 28, Түркістан облысы - 9.
Жалпы ел бойынша дертке шалдыққандар саны - 217299.
6 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде 18 789 адам короновирус инфекциясынан (13 318 КВИ+ және 5 471 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 455 пациент - стационарда, 14 334 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 226 адамның жағдайы ауыр;
• 52 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, Қазақстанда 6 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстары «сары аймақта» тұр. Қалған өңірлер - «жасыл аймақта».