Фото: ашық дереккөз
Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде магистратура мен докторантураға қабылдау науқанының нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Магистратура бойынша:
-
Биыл кешенді тестілеуге 51 мыңнан аса өтінім түсті (өткен жылмен салыстырғанда 9,5 мыңға көп).
-
Тестілеуге қатысқан 47 798 үміткердің 23 065-і шекті балды еңсерді.
-
Орташа балл – 72,9.
-
Мемлекеттік грант саны – 13 554. Оның ішінде:
-
инженерлік-техникалық бағыттар – 3 338,
-
педагогикалық ғылымдар – 3 225,
-
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 1 315,
-
жаратылыстану ғылымдары – 1 268.
-
Докторантура бойынша:
-
Қабылдау сынақтарына 4 307 адам қатысты.
-
3 146 үміткер ғылыми ізденіс жолын жалғастыру құқығын алды.
-
2025–2026 оқу жылына 2 919 мемлекеттік грант бөлінді. Оның ішінде:
-
педагогикалық ғылымдарға – 486,
-
инженерлік және құрылыс салаларына – 615,
-
ақпараттық-коммуникациялық технологияларға – 161 грант.
-
Айта кетейік, докторантураға қабылдау рәсімі бүгінде толықтай жоғары оқу орындарының құзыретінде. Бұл университеттердің академиялық дербестігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам саналады.
Жаңа оқу жылындағы көрсеткіштер – қазақстандық жастардың ғылым мен білімге деген қызығушылығының артып келе жатқанын айқын көрсетіп отыр.
