21 шіл, 2020 сағат 14:58

Қазақстанда коронавирустан 40-қа жуық жүкті әйел қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан жүкті 40 әйел көз жұмды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бапсасөз мәслихаты барысында вице-министрге коронавирустан балалар арасындағы өлім-жітім жайлы сұрақ қойылған болатын. Нақтырақ айтқанда тілшілер тарапынан КВИ-дан көз жұмғандардың зиратының ішінен кішкенбай баланың моласы болғаны айтылған еді. Ажар Ғиният коронавирустан балалар арасында өлім-жітім болмағанын айтты

«Жаңа туған шақалақтың шетінеуі бойынша бізде статистика жоқ. Алайда коронавирус жұқтырғаннан кейін қайтыс болған жүкті әйелдерге қатысты мұндай статистика бар. Жүкті әйелдер арасында 40-қа тарта адам көз жұмды. Олар коронавирус жұқтырып, босанар кезде жан тапсырды», - деді ол.

Еске сала кетсек бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан 59 медициналық қызметкер көз жұмғанын хабарлаған болатын.