10 нау, 2021 сағат 07:10

Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 220 мыңнан асты

9 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша елімізде тағы 693 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аймақтар бойынша көрсеткіш: 

Нұр-Сұлтан қаласы - 143,

Алматы қаласы - 160,

Шымкент қаласы - 2,

Ақмола облысы - 66,

Ақтөбе облысы - 6,

Алматы облысы - 28,

Атырау облысы - 40,

Шығыс Қазақстан облысы - 9,

Жамбыл облысы - 1,

Батыс Қазақстан облысы - 57,

Қарағанды облысы - 51,

Қостанай облысы - 49,

Қызылорда облысы - 3,

Маңғыстау облысы - 3,

Павлодар облысы - 56,

Солтүстік Қазақстан облысы - 16,

Түркістан облысы - 3.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 220 018.

Министрлік мәліметінше, Қазақстанда короновирустан емделіп жатқан 230 адамның жағдайы ауыр.

10 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 476 адам короновирус инфекциясынан (13 730 КВИ+ және 4 746 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 555 пациент - стационарда, 13 921 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 230 адамның жағдайы ауыр;
• 56 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 8 наурызда коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 4 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 203 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері бұл дертпен 49 581 адам ауырып, 647 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 188 жетті.