#
#
Сенбі 23/01/2021

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды

  • 27.11.2020
  • 0
  • 242

26 қарашада Қазақстанда 161 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 73 науқас жазылды. Бір тәулік ішінде пневмонияның бұл түрінен 5 адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 41 756 адамға жеткен, 30 362-ы жазылған. 439 адам қайтыс болған. 

Бейсенбі күні коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген науқастар арасында 5 адам өлімі тіркелді. Наурыз айынан бері 2013 адам қайтыс болды. Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы олардың өліміне "коронавирус" себеп болды дейді.

Елде коронавирус жұқтырғандар мен "пневмонияға" шалдыққандар 170 969 адамға жеткен. Бірақ коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі Қазақстанның Covid статистикасына енгізілмеген. 

Денсаулық сақтау министрлігі аймақтағы "пневмония" ахуалы жайлы мәліметті сирек жариялайды.

Қазір коронавирус инфекциясынан – шамамен 12 мыңға жуық, коронавирус пневмониясынан 11 мыңға жуық адам емделіп жатыр. Коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 208 адамның жағдайы – ауыр, 31 адамның халі – өте ауыр, 30 адам тыныс алу аппаратына қосылған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар