11 қыр, 2020 сағат 11:30

Қазақстанда хоумскулинг енгізу қажет пе?

Қазақстанда хоумскулинг енгізу қажет пе? Бұл сұрақтың жауабы – отандық депутаттар «отбасылық оқытуды» заңмен бекітуді ұсынып жүр. Осы орайда «Ұлт» порталы хоумскулингтің пайдалы тұстары мен кері әсерін зерделеп көрді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кейбір балалардың үйіне барып білім беруде мұғалімдер үшін қашықтан оқыту тиімді деген пікірде. Министрдің айтуынша, хоумскулингтің классикалық түсінігі депутаттардың жұмыс тобында қаралып жатыр.

«Қашықтан оқытуды басқа жағдайда қолдануға да болады. Мысалы, бүгінде сан алуан ауруларға шалдыққан балалар бар. Олардың саны аз емес. Қазіргі тәртіп бойынша оларды былай оқытады: ондай бала үйде отырады. Ал мұғалім оның үйіне барып, сабақ өткізеді. Біздіңше, осындай жағдайда интернет платформаларды қолдануға болады. Мектепке бара алмайтын балалар осы әдіспен білім ала алады», – дейді Аймағамбетов.

Айта кетейік, «хоумскулинг» сөзі ағылшынның «home» және «school» сөзінен тұрады. Негізгі мағынасы – «отбасылық оқыту». Ондайда оқушылар өз қалауымен немесе ата-аналардың шешімімен мектеп бағдарламасын үйде меңгереді. Ал мектепте аттестациядан өтіп, емтихан тапсырады. Бүгінде отбасылық оқыту әлемнің 45 мемлекетінде заңмен бекітілген. Олардың ішінде Ресей, АҚШ пен Еуропа бар.

Ал бұл әдісті Қазақстанға енгізу қаншалықты тиімді? Министрдің пікірінше, жыл сайын қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар мектепке бармай, үйде отырады. Осындайда қашықтан оқыту форматын қолдануға болады.

«Биыл да ондай жағдайлар көп болды, сабақты өткізбеуге тура келді. Негізі, осы уақытта балалар қашықтан оқи алады. Синхронды емес, бейсинхронды форматта білім беруге болады. Ондайда тақырыптық жоспар бойынша тиісті тапсырмалар орындалады. Меніңше, осындай жағдайларда қашықтан білім беру керек», – деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігі қашықтан оқуды құптап отырғанын айта кетейік. Бұл балалардың денсаулығын сақтаумен қатар, білім алуына да шектеу болмайтындығын көрсетпек деген болатын Денсаулық министрі Алексей Цой.

Естеріңізге сала кетейік, отандық депутаттар Қазақстанда хоумскулинг енгізуді ұсынып, күн тәртібінде қарап жатыр. Сонымен, «хоумскулинг» сөзі ағылшынның «home» және «school» сөзінен тұрады. Негізгі мағынасы – «отбасылық оқыту». Бүгінде отбасылық оқыту әлемнің 45 мемлекетінде заңмен бекітілген. Олардың ішінде Ресей, АҚШ пен Еуропа бар.