12 там, 2022 сағат 11:03

Қазақстанда қанша ресейлік және украиналық ЖСН алған?


Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың басынан бері Қазақстанда қанша ресейлік және украиналық азамат жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғаны туралы мәлімет ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 198 806 шетелдік ЖСН рәсімдеген.

"Азаматтардың ең көп саны: Өзбекстан - 91 454, Ресей - 74 371, Тәжікстан - 7896, Қырғызстан - 4470, Украина - 1520", - деді министрлік өкілдері.

Қазақстандағы шетелдіктерге ЖСН әртүрлі мақсаттарға қажет:

  • жұмысқа орналасу;
  • Қазақстанда есеп айырысу шотын тіркеу;
  • мүлікті тіркеу;
  • мемлекеттік қызметтерді алу және т.б.

Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 40 831 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімі бойынша, 3 519 шетелдік елден шығарылған. Оларға бес жылға дейін елге кіруге тыйым салынады.