#
#
Сенбі 16/01/2021

Қазақстанда бірқатар бағыт бойынша көлік қозғалысына шектеу қойылды

  • 12.01.2021
  • 0
  • 250

Қазақстан аймақтарында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Республикада жол қозғалысы мынадай бағыттар бойынша шектелді. 

Ақмола облысында: 

1. «Көкшетау-Рузаевка» 0-61 км, Көкшетау қаласы - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске 
2. «Көкшетау-Омбы» 0-51 км, Көкшетау қаласы - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске
3. «Нұр-Сұлтан-Петропавл» 304-341 км, Көкшетау қаласы - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске
4. «Макинск-Ақсу-Торғай» 0-240 км, Макинск ауылы - Торғай ауылына дейінгі учаске
5. «Нұр-Сұлтан-Петропавл» 18-231 км, Нур-Султан қаласы –Щучинск қаласы 
6. «Екатеринбург-Алматы» 1291-1353 км, Жібек Жолы ауылы –Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаске
7. «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» 38-180 км, Ақмол ауылы-Қорғалжын қорығы
8. «Екатеринбург-Алматы» 1141-1230 км, Новочеркасск ауылы-Талапкер ауылы 
9. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай Батыр-Киевка-Теміртау» 32-51 км., Қабанбай батыр ауылы- Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаске.

Қарағанды облысында:

1. «Екатеринбург-Алматы» 1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасы –Теміртау қаласы. 
2. «Екатеринбург-Алматы» 1426-1458 км, Теміртау қаласы – Қарағанды қаласы.
3. «Екатеринбург-Алматы» 1492-1610 км, Қарағанды қаласы – Ақсу-Аюлы ауылы
4. «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» 17-217 км, Көкпекті ауылы-Қарқаралы қаласы 
5. «Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ботақара» 231-324 км, Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы 
6. «Қызылорда-Павлодар» 1066-1135 км, Молодежный ауылы-Павлодар облысының шекарасы
7. «Қызылорда-Павлодар» 946-756 км, Қарағанды қаласы – Атасу ауылы 
8. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай Батыр-Нұра-Теміртау», 51-266 км, Ақмола облысының шекарасы-Теміртау қаласы 
9. «Жезқазған-Петропавл», 24-252 км, Сәтбаев қаласы- Қостанай облысының шекарасы

Қостанай облысында: 

1. «Екатеринбург-Алматы» 686-729 км, Сарыкөл ауылы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске
2. «Мамлютка-Қостанай» 180-250 км, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Ұзынкөл ауылына дейінгі учаске

Павлодар облысында:

1. «Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ботақара» 138-231 км., Баянауыл ауылы-Қарағанды облысының шекарасы
2. «Қызылорда-Павлодар» 1135-1206 км, Қарағанды облысының шекарасы-Шідерті ауылы 

Солтүстік Қазақстан облысында – барлық бағытта жол жабық.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар