01 сәу, 2022 сағат 19:33

Қазақстанда әскери кафедралардың жұмысына қанша қаржы бөлінеді?

Фото: kazguu.kz

Қорғаныс министрлігі әскери кафедралар жұмысын қамтамасыз етуге қанша қаражат бөлінетіндігіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Даярлықты қаржыландыру (әскери резерв) мемлекеттік тапсырыс бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты 020 бюджеттік бағдарлама бойынша және ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты 003 бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады», - деп жазды ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутаттық сауалға берген жауабында.

Атап айтқанда, жыл сайын тегін негізде оқитын бір студент үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінен 179 800 теңге және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен - 138 500 теңге бөлінеді. 

«Әскери оқытылған резервті жинақтау ақылы негізде оқитын студенттер есебінен жүргізіледі. Бұл өз кезегінде мемлекеттік бюджетке түсетін қосымша жүктемені алып тастайды. Ал көрші ел Ресейдің тәжірибесіне сүйенсек, әскери резервті даярлау мемлекет есебінен толық қаржыландырылады. Оның ішіне әскери оқытылған резервті даярлау орталықтарының инфрақұрылымын, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар штатын ұстау (әскери киім, тамақ және ақшалай қамтамасыз ету) кіреді», - дейді қорғаныс министрі.