28 сәу, 2021 сағат 15:57

Қазақстанда әртүрлі салада қоғамдық кеңестің жұмысы жанданды


Қазақстанда сала-сала бойынша қоғамдық кеңестер құрылып жатыр. Оның ішінде саясат, экология тақырыбы, әлеуметтік-саяси, қоғамдық мәселелер де тыс қалмады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Мысалы Алматыда Іле-Алатау ұлттық паркінің экотуризмін дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы болды. Қоғамдық кеңестің құрамына 19 адам кірді, олардың арасында туристік ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, спортшылар, бизнесмендер, экоактивистер, қоғам қайраткерлері бар. Отырысты экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев ашты.

"Екі аптадан бері экоактивистермен және қоғам белсенділерімен кездесе бастадым. Барлығына осы кеңес құрамына кіруді ұсындым. Бүгін Қоғамдық кеңеске 30 кандидаттың ішінен әртүрлі салалардан 19 адам таңдалды. Алматы қаласы экология департаментінің директорынан басқа мемлекеттік органдардың өкілдері шығарылды", - деді Ерлан Нысанбаев.

Сондай-ақ "Nur Otan" партиясының жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Кеңес Төрағасы Ерлан Саиров мәлімдеді.

"Nur Otan" партиясы парламенттік сайлаудағы жеңісінен кейін өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру құралы ретінде партия жанынан түрлі кеңестер құрды. Осы 14 кеңестің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес. Бұл кеңестің негізгі миссиясы – әлеуметтік әділеттілік пен теңдік мәселелерін шешу. Бұл жерде сыбайлас жемқорлық үрдістері пайда болады", - деді Саиров.

Оның айтуынша, биліктің қате әрекеттері мемлекеттіліктің негізіне теріс әсер етеді.

Саиров Кеңес жұмысындағы басты қағидат – сыбайлас жемқорлық үрдістерінің алдын алу, Мемлекеттік органдар мен әкімдерді тәртіпке шақыру екенін атап өтті. Партияның басты мақсаты – әлеуметтік-экономикалық жағдайды халықаралық стандарттарға көшіру.

Әдістемелік көмек көрсету және "қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "еститін мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің жанында Қоғамдық кеңес құрылды.

Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.

Қоғамдық кеңес жаңа мемлекеттік органның қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында құрылды.

2021 жылдың 1 сәуірінде өткен Қоғамдық кеңестің отырысында оның төрағасы Сәлімбай Шүнеев сайланды. Оның салық инспекциясы, прокуратура, қаржы полициясы органдарында, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас прокуратурада басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар.

Айта кетейік, Қоғамдық кеңестер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог нысаны ретінде "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясында құрылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда сала-сала бойынша қоғамдық кеңестер құрылып жатыр. Оның ішінде саясат, экология тақырыбы, әлеуметтік-саяси, қоғамдық мәселелер де тыс қалмады.

Мысалы Алматыда Іле-Алатау ұлттық паркінің экотуризмін дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы болды. Қоғамдық кеңестің құрамына 19 адам кірді, олардың арасында туристік ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, спортшылар, бизнесмендер, экоактивистер, қоғам қайраткерлері бар. Отырысты экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев ашты.

Министрдің орынбасары екі аптадан бері экоактивистермен және қоғам белсенділерімен кездесе бастағанын, барлығына осы кеңес құрамына кіруді ұсынғанын айтты. Сонымен қатар, бүгін Қоғамдық кеңеске 30 кандидаттың ішінен әртүрлі салалардан 19 адам таңдалды. Алматы қаласы экология департаментінің директорынан басқа мемлекеттік органдардың өкілдері шығарылды.