22 қар, 2024 сағат 11:48

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір аптада күрт өсті

Фото: Pexels.com

12-19 қараша аралығында әлеуметтік маңызы бар өнімдер еліміз бойынша орта есеппен 0,4%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Ult.kz.  

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мұндай баға өсу қарқыны кейінгі 92 аптада, яғни өткен жылдың ақпан айынан бері тіркелмеген. Әсіресе, пияздың бағасы күрт қымбаттаған — 12 қарашадан бері бірден 4,8%-ға.  

«Бұл маусымдық өзгеріске ұқсамайды — соңғы үш жылдың қараша айында мұндай жағдай тіркелмеген. Қазан немесе желтоқсан айларында да байқалмаған», — дейді сарапшылар.  


Қалалар бойынша қарастырсақ, осы кезеңде пияз бағасының ең жоғары өсуі Павлодарда (+16,4%), Ақтөбеде (+14,8%), Петропавлда (+12,6%) және Алматыда (+12,5%) тіркелді.  

Дегенмен, сарапшылар ел бойынша пияз бағасы төртінші апта қатарынан қымбаттап келе жатқанын айтады. Ай басынан бері өсім 12,4%-ды құраған.  

Кеше Ұлттық банк өкілдері доллар бағамына қатысты сұраққа жауап берген еді.