Фото: ашық дереккөз
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгін үкімет кулуарында Қазақстанда атом электр станциясы қашан салынып бітуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.
Алмасадам Сәтқалиев атом станциясы шығынының өтелу мерзімі тарифтерге байланысты екенін айтты.
"Бүгін мемлекет басшысы тарифтердің әлеуметтік жауаптылығы туралы нақты белгі қойды. Тариф неғұрлым аз болса, өтелу мерзімі соғұрлым ұзақ болады. Жалпы энергетикалық жобалардың бәрі энергияны қажет етеді. Бұл атом электр станциясына ғана емес, жалпы көмір станцияларының құрылысына да қатысты. Бастапқыда кем дегенде 10-15 жыл осы жобалардың қаржылық моделіне салынады", - деді ол.
Сәтқалиев бұл мәселе АЭС-ті де айналып өтпейтінін мәлімдеді.
"Тариф вендерді таңдау туралы түпкілікті шешімге байланысты болады. Барлық вендердің бағасы әртүрлі. Яғни, әрі қарай есептеулер жүргізіледі. Әр вендер бойынша есептеулер жасалады. Менің ойымша, бәріміз станция 10-12 жылдан кейін аяқталатынын түсінуіміз керек. Инфляцияны ескере отырып, тарифті болжау үшін қосымша есептеулер қажет. Станция бойынша шешім қабылдау сатысында осы есептеулер жүргізіледі", - деп атап өтті ведомство басшысы.