28 шіл, 2025 сағат 18:02

Қазақстанда адам саудасымен айналысқан екі қылмыстық топ әшкереленді

Фото: Polisia.kz

Қазақстанда адам саудасына қатысы бар екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері мен прокуратура органдары жүргізген бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде, ел аумағында жыныстық қанауға негізделген заңсыз қызметпен айналысқан желі құрықталды.

Тергеу деректері бойынша, қылмыскерлер интернет-ресурстар арқылы жүйелі түрде жарнама жасап, қызметті ұйымдастырған. Олардың әрекеті ұйымдасқан сипатқа ие болып, миллиардтаған пайда әкелген.

Алдын ала мәліметке сәйкес:

  • Қылмыстық топтың күнделікті табысы – 1,5 миллион теңгеге дейін жеткен;

  • 2024 жылдың басынан бері айналымы 1,7 миллиард теңгеден асқан.

Тінту кезінде қомақты мөлшерде қолма-қол ақша, банк карталары, автокөліктеркомпьютерлер мен ұялы телефондар, цифрлық ақпарат тасымалдаушылар тәркіленген.

Негізгі күдіктілер мен олардың сыбайластары қамауға алынды. Оларға Қылмыстық кодекстің Адам саудасыҰйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аталған баптар бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.