10 наурызда Қазақстанда коронавирус тесті оң шыққан тағы 752 науқас анықталды. 48 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 12 адам өлімі тіркелген: 9 адам - коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады. Денсаулық сақтау министрлігі адам өлімі мен коронавирус пневмониясы бойынша екі күн бұрынғы деректі жариялап келеді.
Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан бері 220 770 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Басым бөлігі жазылған. Содан бері 2 830 адам қайтыс болған. Өткен тәулікте ең көп науқас Алматыда (197) тіркелді. Қалған облыстар мен қалаларда анықталған науқастар жүзге жетпейді.
Билік 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарға жеке код беріп, оларды жалпы Covid статистикасына қоспай бөлек есептеп келеді. Оған дейін қанша адамның аталған ауру түріне шалдыққаны белгісіз. Министрлік коронавирус пневмониясын пневмонияның жалпы түрлерінен ажырату қиын болғандығын алға тартқан. Соңғы мәлімет бойынша, 7 айдан астам уақыт ішінде 49 629 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 44 358 адам жазылған. 650 адам қайтыс болған.
Қазір коронавирус пен коронавирус пневмониясынан 18 432 адам емделіп жатыр. Стационарларда 4 570 адам жатыр. 231 адамның жағдайы - ауыр, 37 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде 117,9 млн адамға коронавирус жұққан. Шамамен 66,8 млн жазылған, 2,6 млн адам қайтыс болған.
Қазақстанда 11 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары «қызыл» аймақта тұр.
Ал «сары» аймақта - Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары орналасқан.
Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі бойынша «жасыл» аймақта орналасқан.
Аймақтар бойынша коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтан қаласы - 94, Алматы қаласы - 197, Шымкент қаласы - 18, Ақмола облысы - 52, Ақтөбе облысы - 14, Алматы облысы - 45, Атырау облысы - 33, Шығыс Қазақстан облысы - 18, Жамбыл облысы - 17, Батыс Қазақстан облысы - 74, Қарағанды облысы - 62, Қостанай облысы - 50, Қызылорда облысы - 1, Маңғыстау облысы - 4, Павлодар облысы - 53, Солтүстік Қазақстан облысы - 19, Түркістан облысы - 1.