Фото: Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың қаншалықты өскенін айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
2024 жылы эконмикалық өсім 4,8 процентті құрады. Өсім әсіресе, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік пен өңдеу өнеркәсібі жақсы өсті.
"Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. Десек те, мұнай өндіру көлемі 2,4 млн тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді. Бұл, көбінесе, еліміздің ОПЕК+ шеңберіндегі міндеттемелеріне және ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болды", - деді Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Премьердің айтуынша, елімізде 29 ірі зауыт салынды. Соның ішінде вольфрам, бағалы металдар, катодтық мыс, көлік шиналары мен тұрмыстық техника шығаратын өндірістер бар.