15 қаз, 2019 сағат 17:33

Қазақстан үндістандық ITEC бағдарламасын қолдайды

2019 жылғы 14 қазанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко құрметті қонақ ретінде Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы – ITEC (Indian Technical and Economic Cooperation) күнін атап өту іс-шарасына қатысты.

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызеті хабарлады.

Өз сөзінде ҚР СІМ басшысының орынбасары ITEC шеңберінде түрлі салалар бойынша (ақпараттық технологиялар, ағылшын тілі, киберқауіпсіздік, медицина және т.б.) қазақстандық мамандар үшін ұсынылып отырған курстардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, бұл бағдарламаға келешекте ҚР мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуде сәттіліктер тіледі.

Үндістанның Қазақстандағы Елшісі П.Кумар хабарлағандай, 1964 жылы құрылған ITEC-тің түрлі курстары арқылы 1990 жылдардан 2019 жылға дейін 1020 ҚР азаматтары білім алған.