#
#
Сейсенбі 26/01/2021

Қазақстан түрмелері бейнебақылау жүйесімен қаншалықты қамтылған

  • 29.11.2020
  • 0
  • 183

ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстандағы түрмелерде бейнебақылау жүйесін орнату жайында айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін видеобақылаумен толық қамту үшін нормаға сәйкес 231 жүйені алу қажет. Қазіргі кезде 71 бейнебақылау жүйесі (31 пайыз) бар, оның ішінде биыл алтауы сатып алынды» делінген Асқар Маминнің сенаторлардың депутаттық сауалына берген жауабында. 

Сонымен қатар ол аталған мәселе бойынша іске асырылатын жоспарға тоқталды. 

«ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жаппай бейнебақылау енгізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында тиісті есеп-қисап алдын ала жүргізілді. Оны 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында қарастыру ескерілген», - дейді Премьер-Министр. 

Сонымен қатар ІІМ бюджетіне жүктемені азайту мақсатында әлеуетті инвесторлармен бірлесе мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бейнебақылауды енгізу пысықталып жатыр. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар