16 сәу, 2022 сағат 19:09

Қазақстан теннисшілері бүгін тарихи жеңіске жетті – Елена Рыбакина


Қазақстан теннисшілерінің тарихи жеңіске жеткеніне қуаныштымын. Германияның бірінші ракеткасын ұтқан Елена Рыбакина осылай деді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Анжелика Кербермен ойын оңайға түскен жоқ. 

«Мен әрқайсысымыздың соңғы ұпайға дейін күресетінімізді түсіндім. Жауапкершілік жүгі де жеңіл емес-ті. Дегенмен өз деңгейімді ойласам, бұдан да жақсы ойнауға болар еді. Анжелика да соны айтар, бәлкім. Өйткені топырақ төсенішіндегі корттарға енді-енді көшіп жатырмыз. Сондықтан бірден төселіп кету оңай емес. Кешегімен салыстырғанда, допты онша жақсы бере алмадым. Бірақ ақырында жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасына шешуші ұпайды сыйлағаныма қуаныштымын. Бізді қолдаған жанкүйерлердің бәріне, сондай-ақ болбойларға, ұйымдастырушыларға, Болат Жәмішұлы бастаған Қазақстан теннис федерациясына зор ризашылығымды білдіргім келеді», - деді Елена Рыбакина.