15 жел, 2021 сағат 09:39

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бейжіңде фотокөрме өтіп жатыр


Қытайдың халықаралық алмасу жастар орталығында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараның қонақтары Қытайдың орталық мемлекеттік органдары, академиялық топтары, ғылыми-зерттеу құрылымдары мен БАҚ өкілдері болды. 

Қазақстанның Қытайдағы уақытша сенімді өкілі Мұрат Мұқышев өз сөзінде көрмеде ұсынылған фотосуреттер еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихын, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуындағы тарихи рөлін, Президент Қ.Тоқаевтың ағымдағы реформаларын, Қазақстанның халықаралық проблемаларды, оның ішінде орнықты даму, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, қауіпсіздікті нығайту салаларындағы үлесін көрсететінін атап өтті.

Қытай халықаралық алмасу жастар орталығы төрағасының орынбасары Чжан Хуа фотокөрме Қытай аудиториясының ерекше қызығушылығын тудыратынын баса айтты, өйткені ұсынылған фотосуреттер Қытайдың достас көршісі - тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын барынша көрсететінін ерекше атап өтті.

Фотосуреттер жанды шынайы эмоцияларды тудырады, серпінді өзгерістерді бастан кешіріп жатқан еліміздің өміріндегі маңызды тарихи сәттердің көңіл-күйі мен атмосферасын ашады.

Фотокөрме 20 желтоқсанға дейін жалғасады.