01 жел, 2016 сағат 17:43

Қазақстан Президенті сән брендтері жайлы ойын айтты

Қазақстан Президенті сән брендтері жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Мен арнайы киім тігетін фабрикаларға барамын, костюмдерін киіп көремін. Сапалы аяқ киім тігеді, әйелдер киімі өте жақсы дайындалады. Біз өзіміздің жеңіл өндірісті қолдауымыз қажет, себебі олар әлемдік брендттер тігетін компанияларының деңгейіне жетуі тиіс. Сіздің ойыңызша біз соңынан жүгіріп жүріп алатын брендтердің сапасы соншалықты күшті деп ойлайсыз ба? Олар брендтің атын сатады. Ал біздікілер олардан да сапалы дүниелер жасап жатыр. Біздің қыздар: Менің кигенім Chanel немесе Gucci деп айтуға үйреніп қалған. Тура қарайтын болсаңыз сапасы керемет емес", - деді Назарбаев Астанада өткен Республикалық жастар форумында. 

Бүгін - елімізде тұңғыш Президент күні. 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламент сенатының отырысында "ҚР заңына толықтыру енгізу: "Қазақстан Республикасындағы мерекелер" заңы қабылданды. Тұңғыш Президент күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің Қазақ елі үшін жасаған еңбегін елеп, ескеру мақсатында күнтізбеге енді. Тұңғыш Президент күні елімізде көптеген шара ұйымдастырылып, мейрам ретінде тойланады.