Қазақстан Президенті «Инвестиция үйіне» барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Алматы қаласындағы «Инвестиция үйінің» негізгі қызметтері жайында мәлімет берілді.
Қазақстан Президентіне кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Qoldaý» орталығының, «Almaty Finance», «Almaty» микроқаржы ұйымдарының бизнесті өркендету бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндалды.
Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған орталықтарды аралап көрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алынған бастамалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.