05 қыр, 2019 сағат 15:25

Қазақстан Өзбекстанға электр энергиясын экспорттауда

Қазақстан жыл соңына дейін Өзбекстанға сағатына 1 млрд кВт-қа жуық электр энергиясын экспорттауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл «KEGOC» компаниясы тұңғыш рет Орталық Азия мен Өзбекстанға электр энергиясын жеткізуге келісті. Электр энергиясын жеткізу көлемін арттыру, әрине компанияның мүддесіне сай келеді. Бүгінгі таңда біз Өзбекстанға сағатына 500 млн киловатт электр энергиясын экспорттадық. Біз жыл соңына дейін 1 млрд кВт /сағ электр энергиясын жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев Алматыда журналистермен және компания акционерлерімен кездесу барысында.

Оның айтуынша, осы көрші елмен машина жасау саласын реттеу туралы келісімдер жасалды, ал бүгінгі күні  басқа қызмет түріне көштік.

«Қазірдің өзінде біз электр энергиясын берілген трафик бойынша жеткізіп жатырмыз. Тағы бір айта кетерлігі, бізге  техникалық тұрғыдан алғанда, Өзбекстанға жеткізуді ұйымдастыру қиынға соқты. Себебі, бізде Қазақстанның оңтүстігін қамтамасыз ететін өткізу желісінің қабілеті нашар. Бұл Бішкек пен Жамбыл қосалқы станциясында. Өткізу қабілеті шектеулі, соған қарамастан көлемін ұлғайттық. Тәуекелге өзбек экожүйесі  барды. Яғни, электр энергиясы рұқсат етілген көлемінен асып кетсе, жүктемені арнайы автоматты түрде қосу мүмкіндігі бар», - деді ол.