Қазақстанда 1 облыс «қызыл», 4 облыс «сары» аймақта тұр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 20 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірлердің басым бөлігі «жасыл» аймақта тұр.
Әйтсе де Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақтан шықпаған. Ал «сары аймаққа» Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары кірген.
Қалған өңірдің бәрі - «жасыл аймақта».