14 қаз, 2019 сағат 11:44

Қазақстан мен Әзербайжан визасыз режимнің мерзімін ұзартты

Қазақстан және Әзербайжан Сыртқы істер министрліктерінің басшылары екі ел арасындағы визасыз режимді ұзарту туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Түркі тілдес елдер Сыртқы істер министрліктерінің жиыны алаңында ҚР Үкіметі мен Әзербайжан Үкіметі арасындағы 2009 жылғы 2 қазандағы азаматтардың визасыз сапар шегу келісіміне өзгерту енгізу жөнінде хаттама толтырылды.

Хаттама міндетті емес тіркеусіз 30 күнге дейін келу мерзімін, сондай-ақ, мемлекеттік шекарадан өткен соң 90 күнге дейін жүріп-тұру мерзімін ұзарту мәселесін қарастырады. Құжат екі ел азаматтарының келуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.