23 қаң, 2023 сағат 11:30

Қазақстан құрамасы АҚШ-та өткен қысқы Универсиаданы 11-орынмен аяқтады

Фото: Olympic.kz  

Қазақстанның студентер құрамасы АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен 2023 жылғы қысқы Универсиадада он бір жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аталған нәтиже ел құрамасына жалпы есепте 11-орынға  тұрақтауға мүмкіндік берді.

Қазақстандық спортшылардың қоржынында үш алтын, төрт күміс және төрт қола бар.

Оның ішінде: Бекентай Тұрлыбеков (биатлон), Вадим Куралес (биатлон) және Данил Васильев (шаңғымен секіру) Универсиада-2023 чемпионы атанды.

Күміс жүлдені шорт-трек (ерлер және аралас) және шаңғымен трамплиннен секіру (ерлер) бойынша Қазақстан құрамалары, Александр Мухин (биатлон) жеңіп алды.

Қола жүлдені хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы, биатлоннан әйелдер құрамасы, Александр Мухин (биатлон) және Ксения Шалыгина (биатлон) жеңіп алды.

Универсиада-2023 жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы жеңіске жетті – 48 жүлде.

Оңтүстік Корея 29 жүлдемен екінші болса, Канада 13 жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.