11 қаз, 2021 сағат 12:25

Қазақстан коронавирустан «сары» аймақта тұр


Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус індеті бойынша қай өңірлер «қызыл» аймақта екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалды бағалауды болжам мен матрица негізінде жүргізеді. Осы орайда шектеу іс-шаралар күшейту мен жеңілдету бойынша шешім қабылданады», - деді А. Цой. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның өзі және еліміздің 6 өңірі (Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан) «сары» аймақта тұр. 

«Жасыл» аймақта да 6 өңір (Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары) қамтылған.

Ал «қызыл» аймақта 5 өңір (Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары) орналасқан.