16 сәу, 2022 сағат 23:25

Қазақстан командасы көркем гимнастикадан әлем кубогінде «қола» алды


Ташкентте өтіп жатқан әлем кубогінде Қазақстан командасы көркем гимнастикадан топтық жаттығуларда қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама сапында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мұрзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай өнер көрсетті. 

«Алтын» - Болгария командасында, күміс медальді Өзбекстан спортшылары еншіледі. 

Жарыстар 17 сәуірге дейін жалғасады.