25 сәу, 2022 сағат 17:48

Қазақстан Интерполы қашып жүрген ер адамды Бішкекте ұстады


Қазақстан ІІМ Интерполының Ұлттық орталық бюросы Қырғызстанның құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Бішкекте Түркия азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

40 жастағы ер адам республиканың мемлекеттік шекарасы арқылы 488 миллион теңгеден астам соманың бағалы металдарын экономикалық контрабанда жолымен өткізгені үшін іздеуде болғаны айтылды.

"Түркия мен Қазақстан азаматтарынан құралған қылмыстық топ Ыстамбулға алтынды аса ірі көлемде декларациясыз өткізу үшін "Нұр-Сұлтан" халықаралық әуежайының "зарарсыз аймағынан" үшінші тұлғаны өткізуді ұйымдастырған", - деді тәртіп сақшылары. 

Қазіргі уақытта сотталушы қамауға алынған, оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.